Қазақ тілі KK Русский RU
МЕНЮ

Меню

Қазақ тілі KK Русский RU

Сәтбаев қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталық ашылды

СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат — «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы шеңберінде Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға күндіз уақыт өткізуге арналған тегін орталық жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Жатақханада екі студентті пышақтаған ер адам қамауға алынды Қарағандыда екі адамды өлтірген күдіктілер ұсталды Қарағанды облысының тағы екі ауданында жылжымалы дәріханалар іске қосылды Қарағандыда ресейлік тарихшының Әлихан Бөкейханов туралы кітабы таныстырылды 200 шаршы метрдегі алаңы бар орталықта әр баламен жеке жұмыс істеу әдісі жолға қойылған: олар үшін келген сәттен бастап толық күн, тамақтану, күндізгі ұйқы, білікті мамандардың әрдайым бақылауы ұйымдастырылған. Дәл осы орталықта тәрбиеленушілер ем-дом массажын алып, даму және оңалуға арналған қажетті ауқымды кешеннен, оның ішінде иппотерапиядан, ем-дом шынықтырудан, шағын қозғалысты дамытатын қол терапиясынан өтеді. «Ұжымдағылардың бәрі балаларды оңалту курсынан 100% өткізуге жұмылған. Қарағанды облысы бойынша бұл – иппотерапия әдістемесін қолданатын бірден-бір орталық», — дейді «Нығмет» Мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы Алмас Қыдырбаев. Бүгінгі таңда Сәтбаев қалаында ерекше қажеттілігі бар 16 жасқа дейінгі 200 бала өмір сүреді. Олардың ішінде медициналық көрсеткіші бойынша осы орталыққа 47 пациент бағыттама алған. Олар – қимыл-тірек аппаратында проблемалары бар, сонымен қатар психомоторлы дамуында ақауы бар балалар. Сонымен бірге ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарын жұмыспен қамту проблемаларын шешу үшін шағын орталықтардың жанынан тігін шағын цехы қарастырылған, онда олар жұмыс істеп, өздері үшін жаңа мамандықты игере алады. «Қоғам үшін пайдалы осынау бастамалар «Қайырымды істер марафоны» жобасының ұранымен жүзеге асырылғаны қуантады. 9 айдың ішінде 3 миллионға тарта азамат біздің елдегі қайырымдылық мәдениетін дамытуға өз үлесін қосты, атаулы әлеуметтік көмекті 220 мың адам алды. Бұл сандардың артында – тірі адамдардың шынайы оқиғалары тұр, олардың өмірі жақсылыққа жаны құмар отандастарының арқасында сәл болса да жарқын бола түскеніне сенімдімін», — деп атап өтті «Азаматтық бастамаларды қоллдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас. Еске сала кетсек, Қазақстанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен осы жылдың ақпан айында іске қосылған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Кейінгі айда елдің 17 өңірінде 1500-ге тарта іс-шара өткізілді, оған волонтерлер, меценаттар, белсенділер, бизнес өкілдері, мектеп оқушылары, студенттер мен жақсылыққа жаны құмар азаматтар қатысты.

Добавить комментарий