Қазақ тілі KK Русский RU
МЕНЮ

Меню

Қазақ тілі KK Русский RU

Жастар жәрдемі

Қызылордадағы «Облыстық жастар ресурстық орталығы» мүшелері биыл жұртқа жәрдем көрсе­тіп, игілікті істердің басында жүрді. Осы жылғы 1 наурыз – Алғыс айту күнінде өткен бри­фингте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кәсіп­орындар мен ұжымдарды, жеке адамдарды жақ­сы­лық жасауға жұмылдырудың маңызын атап өтіп, сыр­бо­йылықтарды «Қайырымды істер марафоны» жалпы­ұлттық жобасына үлес қосуға шақырған еді.
Еліміз үшін де үлкен сынаққа айналған пандемия кезінде қиналған жұртқа жәрдем жасауға ұмтылған Сыр жастары аймақ басшысының шақыруына үн қосып, облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен оның жа­нын­дағы Еріктілер фронт-офисі «Қызылорда таза­лығы» мекемесінің 25 жұмысшысына азық-түлік, 1 отбасына тұрмысқа қажетті жиhаз жеткізіп берді. Олардан бөлек әлеуметтік тұрмысы төмен 10 отбасына көмек көрсетті.

Облыс орталығындағы «Бақытты отбасы» орталығы мен Еріктілер фронт-офисі жастары Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 1000 отбасына азық-түлік себетін үлестірді.

Сырдариядағы су тапшылығы салдарынан биыл өңірді қуаңшылық жайлағаны белгілі. Оның зардабы әсіресе Арал ауданында қатты сезіліп, төрт түлікпен күн көріп отырған ауылдағы ағайынның біраз малы шығын болды. Осыған орай «Облыстық жастар ресурстық орталығы» барлық саладағы жастармен бірлесіп, «Жастардан жәрдем» атты акция жариялап, аймақ тұрғындарына, кәсіпкерлер­ге, еріктілерге үндеу жолдады. Үндеуге үн қос­қан жас­тар жәрдемімен Арал ауданына 7 500 бума шөп жеткізілді.

«Облыстық жастар ресурстық орталығы» ж­а­нын­дағы Еріктілер фронт-офисінің ұйымдас­ты­руымен тұрақты түрде «Донор бол», «Өмірді сақ­та» атты қан беру акциялары өткізіліп, оған сала мамандары, құқық қорғау қызметкерлері үлес қос­ты. Еріктілер республика көлемінде аталып өткен «Өз елімізде із қалдырмай Sayahattime» атты экологиялық акциядан да шет қалмады. Волон­терлер бастамасына «Жасыл ел» жастар жасағы, «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі мүшелері, қала тұрғындары қолдау көрсетті.

Жақсылық жасауға ұмтылған жастарға «Абзал және К» ТС, «Бастау-S» ЖШС, BIALI Sport дү­кені, Esperanza кафесі және «Ауыл базары» ауыл шаруашылығы өнімдері дүкені демеушілік танытты.

Добавить комментарий